Сипаттама

 Іскерлік іс-шараларда мінсіз логистикаға, нақтылық пен егжей-тегжейлілікке көңіл бөлу маңызды, ең бастысы – тақырыпты және аудиторияны түсіну қажет. 

Біз көп жылдық тәжірибеге, техникалық мүмкіндіктерге және білікті қызметкерлерге иеміз.

Конференцияларды, конгрестерді, форумдарды және басқа халықаралық деңгейдегі оқиғаларды ұйымдастыру іскерлік қызметтер саласындағы дербес бағытты білдіреді.

Іскерлік іс-шаралар – бұл:

  • форумдар
  • кеңестер
  • тұсаукесерлер
  • көрмелер
  • сапарлар
  • конгрестер
  • конференциялар
  • симпозиумдар
  • семинарлар
  • іскерлік кездесулер

Біз өткізген іскерлік іс-шаралар 100-ден астам

Бүгін «Интера Групп» ЖШС  Қазақстанда және шетелде әр түрлі іскерлік іс-шараларды «кілтпен» ұйымдастыру бойынша бағытты белсенді дамытуда.

Біз Тапсырыс берушілерге форумдарды, конференцияларды, тұсаукесерлерді, көрмелерді ұйымдастыру бойынша тұжырымдаманы әзірлеуден іс-шараларды іске асыруға және өткізуге дейін толық кешенді қызметтерді көрсетуге дайынбыз.

 Соңғы бірнеше жылдарда «Интера  групп» ЖШС Қазақстан Республикасы қалалары алаңында 50 қатысушыға дейін мамандандырылған тар профильді семинарлардан 2000 қатысушыға дейін ірі ауқымды форумдарға дейінгі бірнеше қызықты жобаларды жүзеге асырды. Соңғы іске асырылған жобалар тізімімен таныса аласыз.

 «Интера  Групп» ЖШС ұйымдастырған форумдар, конференциялар, тұсаукесерлер, дөңгелек үстелдер, көрмелер, салтанаттар біздің Тапсырыс берушілерге алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді және қатысушылар тарапынан жағымды пікірге ие. Біз компаниямыздың мүддесінде Қазақстан Республикасында және шетелде іскерлік іс-шаралар ұйымдастыру бойынша өз тәжірибемізді тиімді қолдануға дайынбыз