Сипаттама

 Бізде Сіз қала бойынша бір реттік жүріс, сағаттық жалға беру, Қазақстаннның басқа қалаларына бару үшін машиналарға, әуежай-Астана-әуежай трансферіне тапсырыс бере аласыз. Жолаушылар санына, сапар қашықтығына және Сізге қажетті жайлылық деңгейіне қарай біз Сізге лайықты көлік құралын таңдап береміз. Жүргізушілер ұжымы – авариялық жұмыссыз үлкен тәжірибеге ие және қаланы жақсы білетін жұмыс өтілі бар кәсіпқойлар.

Жалға беру шарттары:

  1. Көлік қызметтерінің көлемі астрономиялық сағатқа негізделе отырып  анықталады (60 минут). Автокөлік құралына ең төмен тапсырыс беру 2 сағатты құрайды.
  2. Автобусқа тапсырыс беру кезінде беру үшін 1 сағат қосылады.
  3. Жұмыс бағасына барлық ЖЖМ шығындары,  автокөлікті таза түрінде ұстау кіреді.
  4. Жеңіл автокөліктің оның жұмыс жасауына, үзілісте демалуына, оны тапсырыс беруші босатуына немесе қандайда бір тапсырмаларды орындауына қарамастан тапсырыс берушінің қарауында болу уақытының барлығы төленеді.
  5. Автокөлікті Астана қ. тыс жерге тапсырыс берген жағдайда қызмет құны километраж бойынша анықталады.
  6. Трансфер(кездесу) бағасына кіреді: клиентті әуежайда күтіп алу және оны Астана қ. бірінші мекенжайға дейін жеткізіп салу.
  7. Көлікті брондау алдын ала жасалады.
  8. Гид-аудармашы үшін ең төмен тапсырыс беру 3 сағатты құрайды.