Сипаттама

«Интера групп» ЖШС өз клиенттеріне және әріптестеріне белгілі еуропалық өндірушілерден кәсіби дыбыстық және жарық беру жабдықтарын ұсынады. Ғимараттың ішінде және сыртында дыбыс және жарық беру бойынша барлық міндеттерді шешуге қажетті жабдықтардың толық спектрі бар. Жабдық хабарлау, фондық музыка, концерттік алаңдар, мәжіліс залдары, аулалық телімдер, саябақ аймақтары, саяжолдар және т.б. үшін қолданылады. Кең ассортимент кофеханадан бастап стадионға дейін іс жүзінде шексіз алаңды дыбыстауға және жарықтандыруға мүмкіндік береді.

Ілеспе аудармаға арналған жабдық халықаралық іскерлік іс-шараларды өткізу кезінде ілеспе аударманың технологиялық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін қолданылады. Ілеспе аударма жүйесі бірнеше құрамдастардан тұрады – аудармашылар құрылғысы, аудармашыларға арналған құлаққап және микрофондар, сигнал шығарғыш, жеке қабылдағыш, тыңдаушыларға арналған жеке құлаққап, аудармашылар кабиналары.

Біз әлемдік деңгейдегі неміс өндірушісінің ілеспе аудармаға арналған жабдығын жалға беруді ұсынамыз. Қабылдағыштар зарядсыз бір тәуліктен артық жұмыс істейді, құлаққап кез-келген құлақ формасына сәйкес келеді, аудармашы дауысының таза шығуы жоғары  сапалы микрофондарды қолданумен қамтамасыз етіледі. Сіз прайс-парағын қарап барлық жабдық түрлерімен таныса аласыз.